Mac mini компьютерін шолып шығыңыз
Ескертпе: Бұл тур M4 және M4 Pro чиптері бар қазіргі Mac mini компьютеріне арналған. Суреттерде M4 Pro процессоры бар Mac mini көрсетілген. Сізде қандай Mac mini үлгісі бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілер туралы ақпарат пен құжатты табу үшін Mac mini компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Mac mini компьютеріңіз жоғары технологиялармен жабдықталған.
USB-C порттары: Mac mini компьютерінің алдында екі USB-C порты бар, ол тінтуір, пернетақта және RAID массивтері сияқты барлық сүйікті керек-жарақтарыңызды қосу мен зарядтауды оңайлатады.
Күй индикаторының шамы: Шам жанып тұрса, Mac mini компьютеріңіз ояу немесе ұйқыда; шам жоқ болса, Mac mini өшірулі болғаны.
3,5 мм құлаққап ұясы: Фильмдер көру немесе музыкаңызды тыңдау кезінде жоғары сапалы дыбысты тыңдау үшін стерео құлаққаптарды немесе динамиктерді қосыңыз. Немесе аудио және видео қоңыраулар жасау үшін кіріктірілген моно микрофонмен аналогтық гарнитураны қосыңыз.
Қуат порты: Қуат сымын Mac mini компьютерінің артындағы қуат портына қосыңыз, одан кейін сымның екінші ұшын қуат розеткасына қосыңыз.
Gigabit Ethernet порты: Интернетті пайдалану үшін маршрутизаторды немесе модемді қосыңыз немесе файлдарды Wi-Fi желісін пайдаланбай тасымалдау үшін басқа компьютерге қосылыңыз.
10 Гигабит Ethernet (RJ-45) порты: Mac mini компьютеріңізде қосымша 10 Гигабит Ethernet порты болса, ол ұзындығы 100 метрге дейінгі (328 фут) стандартты тоқылған жұпты мыс кабелі арқылы 10 Гбит/сек.-қа дейінгі жылдамдықтағы бірнеше деректер жиілігін қолдайтын Nbase-T Ethernet технологиясын пайдалана алады. Қосылып жатқан құрылғыңызға, пайдаланылған кабель түрі мен технологияға және кабель ұзындығына байланысты ең жоғарғы байланыс жылдамдығы автоматты түрде келісіледі. Мысалы, қосылып жатқан құрылғыңыз 10 Гбит/с мүмкіндікті болса және кабель сол жылдамдықты қолдай алса, екі құрылғы 10 Гбит/с жылдамдығына келіседі.
Қосылым жылдамдықтары мен кабель түрлерін келесі кестеден қараңыз. Басқаша көрсетілмеген жағдайда кабельдер үшін жылдамдықтар ұзындығы 100 метрге дейін (328 фут) болады.
Кабель түрі | 1 Гбит/с | 2,5 Гбит/с | 5 Гбит/с | 10 Гбит/с |
---|---|---|---|---|
5e санаты | Қолдау көрсетілмейді | |||
6-санат | 55 м-ге дейін (180 фут) | |||
6a санаты |
HDMI порты: Mac mini компьютерін теледидарға немесе сыртқы дисплейге қосу үшін HDMI to DVI адаптерін немесе HDMI кабелін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. Дисплейді Mac mini компьютеріне қосу бөлімін қараңыз.
Thunderbolt (USB-C) порттары: Деректерді Thunderbolt жылдамдықтарында (M4 процессоры бар Mac Mini компьютеріндегі Thunderbolt 4 үшін 40 Гбит/секундқа дейін, ал M4 Pro процессоры бар Mac Mini компьютеріндегі Thunderbolt 5 үшін 120 Гбит/секундқа дейін) тасымалдау, мониторға немесе проекторға қосу, USB 4 перифериялық құрылғыларын қосу және т.б. үшін үш Thunderbolt (USB-C) портының кез келгенін пайдаланыңыз. Порттар iPhone сияқты құрылғыларды немесе зарядталатын трекпадты немесе пернетақтаны да зарядтай алады.
M4 процессоры бар Mac mini компьютері үш мониторға дейін қолдайды—екі 6K және бір 5K. M4 Pro процессоры бар Mac mini компьютері үш 6K дисплейіне дейін қолдай алады. Диспрлей конфигурациялары туралы қосымша ақпаратты Дисплейді Mac mini компьютеріне қосу бөлімінен қараңыз.
Қуат түймесі: Mac mini компьютеріңізді қосу үшін басыңыз. (Mac mini компьютеріңізді өшіру үшін Apple мәзірі > Shut Down тармағын таңдаңыз, ал оны ұйқы режиміне қою үшін Apple мәзірі > Sleep тармағын таңдаңыз.)